Bаlqаdişа [Балқадиша] [Transliteration]
Songs
2024-12-29 03:35:26
Bаlqаdişа [Балқадиша] [Transliteration]
Қызы едің, Ыбырайдың Балқадиша,
Бұралған белің нәзік, о-шіркін, тал Қадиша!
Сексен қыз, серуенге шықсадағы,
Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен Қадиша!
Бұраңдап, асау тайдай жүрген басың,
Қаларсың біздің сөзге-ай, қарағым, зар Қадиша!
Бір емес, екі-ай жеңгең келіп отыр,
Рұқсат бізден сізге, жанарым, бар Қадиша!
Дегенде Балқадиша, Балқадиша,
Күйеуің сексен бесте, о-шіркін, шал Қадиша!
«Кетті» деп Балқадиша, естігенде-ей,
Талында Жыландының құшақтап қара жерді,
Еңіреп, жылағаным-ау, оуу
Еңіреп, жылағаным-ау, жаным Қадиша...
- Artist:Kazakh Folk