Amanat [Аманат] [Bulgarian translation]
Amanat [Аманат] [Bulgarian translation]
Жарығым, жаным, кең дала,
Арайлы таңым сен ғана,
Аймаладың мені алтын анамдай.
Аяладың мені жарқын балаңдай.
Аймаладың мені алтын анамдай.
Аяладың мені жарқын балаңдай.
Жалғанда лаулай жандың ба?
Арманды қимай қалдың ба?
Парызың ол сенің елдің алдында.
Өмірбақи оны өтей алдың ба?
Парызың ол сенің елдің алдында.
Өмірбақи оны өтей алдың ба?
Атамекен – алтын ана, асу белдер-ай!
Жасыл жатқан дала, айна көлдер-ай!
Атамекен – арман дала, ерке елім-ай!
Мәңгі қорған пана, туған жерім-ай!
Ұрпаққа ұлы ардақты,
Аманат артып салмақты.
Нұрланады жүздер таңғы көңілдей,
Қалдырамыз іздер мәңгі өмірдей.
Нұрланады жүздер таңғы көңілдей,
Қалдырамыз іздер мәңгі өмірдей.
Атамекен – алтын ана, асу белдер-ай!
Жасыл жатқан дала, айна көлдер-ай!
Атамекен – арман дала, ерке елім-ай!
Мәңгі қорған пана, туған жерім-ай!
Мәңгі қорған пана, туған жерім-ай!
- Artist:Dimash Kudaibergen