Аңсайды жаным [Angsaydı Zanım] lyrics
Songs
2024-12-27 14:27:51
Аңсайды жаным [Angsaydı Zanım] lyrics
Тым жақын әрі тым алыс
Әрі мұң әрі қуаныш
Амалым қанша білдірмей
Бәрін де сезіп тұрады іш
Ақ парақ аспан ақ бұлтқа
Атыңды жазар қалам ұш
Ауаны жұттым сен жұтқан
Өзіме солда жұбаныш
Аңсайды жаным өткеннің бәрін
Бақытты шағым бәріде елес
Өшпейтін жалын өміршең әнім
Ұмыту бәрін ол мүмкін емес
Аңсайды жаным, бәрін...
Тыныштың және арпалыс
Алдамшы өмір жан бағыс
Уақыт болар төреші
Шынайы әлде жалған іс
Неліктен бұлай болады деп
Кеудеңе толар таңданыс
Көзіңнен көрдім көп жылу
Өзіме солда алданыс
Аңсайды жаным өткеннің бәрін
Бақытты шағым бәріде елес
Өшпейтін жалын өміршең әнім
Ұмыту бәрін ол мүмкін емес
Аңсайды жаным, бәрін...
- Artist:Qayrat Nurtas