Балқадиша [Balkhadisha] [Balqadisha] [Transliteration]
Songs
2024-11-14 19:48:06
Балқадиша [Balkhadisha] [Balqadisha] [Transliteration]
Қызы едің, Ыбырайдың Балқадиша,
Бұралған белің нәзік, о-шіркін, тал Қадиша! o-oooo-aй
Сексен қыз, серуенге шықсадағы,
Ішінде шолпан жұлдыз, жарығым, сен Қадиша! o-oooo-aй
Бұраңдап, асау тайдай жүрген басың,
Қаларсың біздің сөзге-ай, қарағым, зар Қадиша! aaa-aaaaaу
Бір емес, екі-ай жеңгең келіп отыр,
Рұқсат бізден сізге, жанарым, бар Қадиша! aaa-aaaaaу
Дегенде Балқадиша! Балқадиша!
Күйеуің сексен бесте, о-шіркін, шал Қадиша! o-aй-Қадиша-aй
«Кетті» деп Балқадиша, естігенде-ей,
Талында Жыландының құшақтап қара жерді,
Еңіреп, жылағаным-ау, жаным Қадиша
Еңіреп, жылағаным-ау, жаным Қадиша.
- Artist:Dimash Kudaibergen