Бар мен жоқ [Bar men joq] lyrics

  2024-07-02 01:32:03

Бар мен жоқ [Bar men joq] lyrics

Біреудің атағы бар, бірақ абыройы жоқ

Біреудің ақшасы бар, бірақ ақыл ойы жоқ

Біреудің достары көп, ішінде сенері жоқ

Беделің болса бар, болмаса керегі жоқ

Бір шалдың сақалы бар, елге берер жоқ батасы

Еркек деген аттар бар, ел қорғауға жоқ шамасы

Жылтырайтын тастар бар, арзандау сапасы

Жылтырақ адамдар бар, ішінде аласы

Адамдар бар ақшасыз өмірі жоқ

Адамдар бар онсызда көңілі тоқ

Адамдар бар амалсыз жоқ таңдар

Адамдар бар жасайтын жоқтан бар [2х]

Біреудің аты бар, қалдырған ізі жоқ

Біреудің малы бар,өзгемен ісі жоқ

Біреуге сөз берген, істейтін құлқы жоқ

Біреуге көз берген, баратын жолы жоқ

Біреуге берсе байлық, бұйыртпады бақыт

Біреу тас кедей болсада,өмір сүрер шалқып

Біреулер бар, шығаратын барды жоққа

Біреулер бар жоғын көрсетеді бар қып

Адамдар бар ақшасыз өмірі жоқ

Адамдар бар онсызда көңілі тоқ

Адамдар бар амалсыз жақтаңдар

Адамдар жасайтын жоқтан бар [2х]

RaiM & Artur more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Russian, Kazakh
  • Genre:Hip-Hop/Rap
  • Official site:https://vk.com/raimartur_kz
  • Wiki:
RaiM & Artur Lyrics more
RaiM & Artur Featuring Lyrics more
Excellent recommendation
Popular