Бәйге [Beige] [Transliteration]

Songs   2024-12-28 21:16:20

Бәйге [Beige] [Transliteration]

Естілді дүбір алыстан,

Көрінді аттар жарысқан,

Шабыт алып шабысқан,

Ауыздығымен алысқан.

Шабандоздар да келеді -

Жалға жатып жабысқан.

Тақымдап түрлі тұлпарды,

Тізгінге қолы қарысқан.

Бірін бірі бағысқан,

Үзеңгілерін қағысқан.

Жаңғырып жаны намыстан,

Жанкүйерлерімен қауышқан.

Арғымақ атта мін бар ма,

Айналма жолды тауысқан,

Қиқулаңдар қалың жұрт,

Қуат алсын тұлпарлар -

Айқайлаған дауыстан!

Айда-ей, айда-айда!

Айда, бала, атыңды!

Даурығып даусы даладан,

Қалың ел көзін қадаған,

Əр өткен сайын аламан,

Кеудеден шері тараған.

Торы бесті кетті топ бастап,

Кер жаңа шықты-ау қарадан.

Күрең ат кетті көсіліп,

Сабыры кетпей санадан.

Құла мен жирен барады

Топырақ шашып тағадан.

Кекілін желге сүйдіріп,

Кер ат та шықты-ау сағадан.

Маңдайын күнге күйдіріп,

Көкшұбар көзін қадаған.

Құйрығын, жалын түйдіріп,

Қаракер кетті құлпырып,

Жануар - жасы жараған.

Айда-ей, айда-айда!

Айда, бала, атыңды!

Күмістен құйған тұяғы,

Қамыстай қиғаш құлағы,

Ертегілердің пырағы,

Көздері көрген қырағы.

Жүзден жүйрік болғанда,

Мыңнан тұлпар шығады.

Желбіреп желмен ойнайды -

Əр елдің намыс, ұраны.

Аттың емес дəл бүгін

Атбегінің де сынағы.

Шарадан шығып шалқысын

Ат иесінің құмары.

Жанады екен қай аттың,

Маңдайда бақ пен шырағы?

Делебе қозып мұндайда,

Алаштың жұрты алқынып,

Айқайға басып тұрады.

Айда-ей, айда-айда!

Айда, бала, атыңды!

Азаматтарым - атбалым,

Жана берсін бақтарың!

Бəйге сайын бəріңнің

Оза берсін аттарың!

Оза берсін аттарың!

Айда-ей, айда-айда!

Айда, бала, атыңды!

Toregali Torali more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh
  • Genre:Pop
  • Official site:
  • Wiki:
Toregali Torali Lyrics more
Toregali Torali Featuring Lyrics more
Toregali Torali Also Performed Pyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Artists
Songs