Біздің ел [Bizdiñ el] [Transliteration]

Songs   2024-12-25 08:11:50

Біздің ел [Bizdiñ el] [Transliteration]

Астанам асыл қалам, менің мақтанышым,

Жас қалам пана, баспана болған жастарым үшін,

Бақыттымыз, Астанамен тек қана шын, тек қана шын,

Тек қана шын жүректен жасайық Отанымыз үшін!

Қазір тек біздің кезең, кезек келгеннен соң, "әзір түрде тең десең елім" деп ізденген соң,

Бастысы, бас қаламыз әрқашан жайнай берсін, жас жігерлілер іргетасын қалай берсін.

Астанам әлемге мақтанам, өйткені ниетім сенімен тек қана шын,

Сенімен еліме, кең байтақ жеріме, сыймайды кеудеме мақтанышым,

Бәрі де шын Отаным үшін, мен шақырамын жастарды бірігуге,

Біріккен жеңеді дегенге сенемін, жетейік деңгейдің биігіне!

Бұл менің, бұл сенің елің, бұл мінекей біздің еліміз!

Алыстан қарап тұрмаңыз бері қарай сіз келіңіз, көріңіз,

Бұл баяғы [KZ] 1 емес бұл жаңа,

Жаңа заман жоспарлары бізді тартады алға.

Жастар біріксін, халықтар достық өмір сүрсін, әскерлер елді қорғасын.

Жұмсап барлық күшін, мен дайын, сен дайын, біз дайын болайық,

Елімізді келешекке ұрпақ үшін сақтайық!

Келешек - керемет, осыған мен сенем, сеніммен ақталар зайырлы еліммен,

Елім - деп, мақтанам, елім - деп, шаттанам,

Бәріне себепкер жас қалам - Астанам!

Қараңдар, жарандар, осындай қалам бар!

Келешек керемет басталған,

Бәрінен себепкер жас қалам - Астанам!

Арманнан жаралған, сиқырлы жас қалам!

Бұл мезет керемет, шаттанам,

Тату-тәтті өмір сүрген менің елім бұл - Қазақстан!

Қош келдің Астанама иә, пана, баспанаңа!

Армандарың орындалатын керемет жас қалаңа,

Сен жақсылап, жақындап көшелерін аралағың.

Кезіп саябағын, тағы, Есілдің жағалауын,

Ұнай ма?! Бұның бәрі арман,

Осы күнді армандаған ата-бабам, ата-бабам,

Ашық аспан мен жеті қазыналы жер сылаған,

Енді міне мақтана алам, еліммен, Астанам бар!

Тек қана көз тимесін, көргенде көзіңнің жауын алатын керемет бейнесі,

Ақорда мен Бәйтерек, ар жағында Хан Шатыры,

Менің қалам заманауи, мұның өзі қанша тірлік!

"Туын биікке көтерген елім бар" деп мақтанам,

"Ата-бабам тарту еткен жерім бар" деп шаттанам.

Ұлт арасын біріктірген Елордам бар - Астанам,

Тату-тәтті өмір сүрген менің елім, бұл - Қазақстан!

Қараңдар, жарандар, осындай қалам бар!

Келешек керемет басталған,

Бәрінен себепкер жас қалам - Астанам!

Арманнан жаралған, сиқырлы жас қалам!

Бұл мезет керемет, шаттанам,

Тату-тәтті өмір сүрген менің елім бұл - Қазақстан! (2х)

1. Kazakhstan (Қазақстан)

Erbolat Qudaybergen more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh
  • Genre:Hip-Hop/Rap
  • Official site:
  • Wiki:
Erbolat Qudaybergen Lyrics more
Erbolat Qudaybergen Featuring Lyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Artists
Songs