Екі өзен [Eki özen] lyrics
Songs
2024-11-14 21:03:26
Екі өзен [Eki özen] lyrics
Арманымда сен жарқыным,
Сағынамын мен алтыным.
Жанымда менің жоқсың тек, сен неге?
Есімде менің сол күндер,
Аспаны айлы сол түндер,
Ұмыттым бәрін, ертегі.
Chorus:
Асқар таудың биік өзені болайық,
Қосылып мәңгіге ғашықтар, үніне.
Жұлдыз боп жарқырап қоршаған аспанда,
Армандаймын махаббатымды өңімде, түсімде.
Өзіңе қарап жан құрбым,
Көзіңді талай талдырдым,
Нәзік сезімді өзіңдей, жалғыз сен.
Өзіңдей көркем таппадым,
Айдындай мөлдір аппағым,
Қиялға баттым жалғыз мені.
Chorus:
Асқар таудың биік өзені болайық,
Қосылып мәңгіге ғашықтар үніне.
Жұлдыз боп жарқырап қоршаған аспанда,
Армандаймын махаббатымды өңімде, түсімде. (2х)
- Artist:Murat Nasyrov
- Album:Qaldım Yalğuz - 2004 (Қалдим Ялғуз - 2004)