Елім менің [Elim Meniñ]

Songs   2024-07-07 19:42:27

Елім менің [Elim Meniñ]

Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған.

Құтты болсын отауың-ей,

Берік болсын-оу босағаң!

Арайлап таңым, асқақтап тауым,

Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.

Қол жетті, міне, аңсаған күнге,

Жасай бер, жаса, қазағым менің!

Қазақстаным – жасыл орманым,

Қуанышымды жасыра алмадым.

Аңсаған бабам, аңсаған елім -

Бостандық еді-оу асыл арманың.

Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған.

Құтты болсын отауың-ей,

Берік болсын-оу босағаң!

Бабамның қаны, анамның жасы

Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.

Береке-бірлік қамалдың басы,

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.

Күйінсін жауың, сүйсінсін досың,

Жиылсын қауым, құйылсын көшің.

Ертеңің үшін аянба, елім,

Ояншы, елім, жиылсын есің.

Ұрпақ үшін, ел үшін!

Атамекен жер үшін!

Берекең мен бірлігің-ей,

Таси берсін-оу өрісің!

Alashuly Group more
  • country:
  • Languages:Kazakh
  • Genre:
  • Official site:
  • Wiki:
Alashuly Group Lyrics more
Alashuly Group Featuring Lyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Artists
Songs