good 4 u [Kazakh translation]

Songs   2024-12-20 17:27:56

good 4 u [Kazakh translation]

[Кіріспе]

Аа

[1-шумақ]

Е, жарайсың, бәрін оп-оңай ұмытып кеткен сияқтысың

Бір-екі аптаның ішінде жаңа қыз тауып та үлгеріпсің

Маған бар әлемді сыйлағың келеді деген кезің есіңде ме?

(А-а-а-а)

Жарайсың, өзіңді дамытып жатқан сияқтысың

Мен тауып берген психолог саған шынымен көмектескен тәрізді

Енді сен жап-жаңа қызың үшін жақсы жігіт бола аласың

[Қайырмасы]

Е, жарайсың, бақытты, сау көрінесің ғой

Бірақ менің күйім ондай емес, әрине, бұл сұрақ сені қызықтырса

Жарайсың, менсіз жақсы-ақ жүрсің, жаным

Құдайым-ай, мен де осылай істей алсам ғой

Есімнен алжастым, жуынатын бөлмемнің еденінде жатып қаншама түндер жылап шықтым

Бірақ саған түк болмағандай, мен бұны түсінбеймін

Бірақ жарайсың

[2-шумақ]

Е, жарайсың, қалағаныңа қол жеткізіп жатырсың

Жаңа көлік сатып алдың, мансапқа жетіп жатсың

Біздің арамызда ешқашан ештеңе болмағандай

Жаным-ау, мынауың не енді? (А?)

Жарайсың, сен мені ешқашан кездестірмегендейсің

"Мен ұнатқан жалғыз жан сенсің" деп ант су ішкенің есіңде ме?

Ал, құрысыншы, өзің де құры

Мен сияқты қиналуға сен міндетті емессің

[Қайырмасы]

Е, жарайсың, бақытты, сау көрінесің ғой

Бірақ менің күйім ондай емес, әрине, бұл сұрақ сені қызықтырса

Жарайсың, менсіз жақсы-ақ жүрсің, жаным

Құдайым-ай, мен де осылай істей алсам ғой

Есімнен алжастым, жуынатын бөлмемнің еденінде жатып қаншама түндер жылап шықтым

Бірақ саған түк болмағандай, мен бұны түсінбеймін

Бірақ, жарайсың

[Үзіліс]

А-а-а-а

А-а-а-а

[Ауысым]

Мүмкін мен тым әсершіл шығармын

Бірақ сенің бейжайлығың жығылғанға жұдырық болды

Мүмкін мен тым әсершіл шығармын

Мүмкін саған мүлде бәрібір шығар

Мүмкін мен тым әсершіл шығармын

Бірақ сенің бейжайлығың жығылғанға жұдырық болды

Мүмкін мен тым әсершіл шығармын

Мүмкін саған мүлде бәрібір шығар

[Қайырмасы]

Е, жарайсың, бақытты, сау көрінесің ғой

Бірақ менің күйім ондай емес, әрине, бұл сұрақ сені қызықтырса

Жарайсың, менсіз жақсы-ақ жүрсің

Жаным-ау, сен бір социопат сияқтысың

Есімнен алжастым, жуынатын бөлмемнің еденінде жатып қаншама түндер жылап шықтым

Бірақ саған түк болмағандай, мен бұны түсінбеймін

Бірақ, жарайсың

[Соңы]

Е, жарайсың, бәрін оп-оңай ұмытып кеткен сияқтысың

Olivia Rodrigo more
  • country:United States
  • Languages:English
  • Genre:Pop, Pop-Rock
  • Official site:https://www.oliviarodrigo.com/
  • Wiki:https://en.wikipedia.org/wiki/Olivia_Rodrigo
Olivia Rodrigo Lyrics more
Olivia Rodrigo Featuring Lyrics more
Olivia Rodrigo Also Performed Pyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Artists
Songs