Жалғыз жапырақ [Jalğız japıraq] lyrics

Songs   2024-10-05 10:39:49

Жалғыз жапырақ [Jalğız japıraq] lyrics

Аңдаусызда жолықтың

Аға дедің алғаусыз

Сені көктем елітті .

Мені мұңға малған күз

Күзгі бақта тұр еді

Жалғыз жапырақ құламай

Сол ғой менің жүрегім

Сені сүйген сұрамай

Аға дейсің бағым ба?

Алыстадық жыраққа

Өткен шақта өмір бар

Махаббат жоқ бірақта

Өтіп жатқан өмірдің

Көктемі жоқ күзі бар

Жалғыз жапырақ мен едім

Өзің келіп үзіп ал

Қарындас деп менде беу

Қиыламын әйтеуір

Жүрегімде гүлдеген

Жалғыз сөзді қайтемін

Сен еліктің лағындай

Сен сәбидің жүзіндей

Жеткізбейсің сағымдай

Үмітімде үзілмей

Abdijappar Alqoja more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh, Azerbaijani
  • Genre:Pop
  • Official site:
  • Wiki:
Abdijappar Alqoja Lyrics more
Abdijappar Alqoja Also Performed Pyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Artists
Songs