Kazakhstan, Former National Anthem of [1992–2006] - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны [Qazaqstan Respýblıkasynyń Memlekettik Ánurany] [Kyrgyz translation]
Songs
2024-11-30 10:43:27
Kazakhstan, Former National Anthem of [1992–2006] - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны [Qazaqstan Respýblıkasynyń Memlekettik Ánurany] [Kyrgyz translation]
Жаралған намыстан қаһарман халықпыз,
Азаттық жолында жалындап жаныппыз.
Тағдырдың тезінен, тозақтың өзінен
Аман-сау қалыппыз, аман-сау қалыппыз.
Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты – халықта,
Халықтың қуаты – бірлікте!
Ардақтап анасын, құрметтеп данасын,
Бауырға басқанбыз баршаның баласын.
Татулық, достықтың киелі бесігі
Мейірбан Ұлы Отан, қазақтың даласы!
Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты – халықта,
Халықтың қуаты – бірлікте!
Талайды өткердік, өткенге салауат,
Келешек ғажайып, келешек ғаламат!
Ар-ождан, ана тіл, өнеге-салтымыз,
Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат!
Еркіндік қыраны шарықта,
Елдікке шақырып тірлікте!
Алыптың қуаты – халықта,
Халықтың қуаты – бірлікте!