Хиджабтағы қыз lyrics
Хиджабтағы қыз lyrics
Қайырмасы:
Қандай жарасымды.
Қызғанғандай әр шашынды,
Жасырады орамал.
Өзгелерден бір асылды..
Орамалы оранған.
Әлемде еш болмаған.
Хиджабтағы қыз сұлу,
Жаратушым қолдаған..
Қос жанары жерге қарап,
Әр басқан қадамын санап,
Көздерін күнәдан тыйып,
Өзін өзі қадағалап,
Ұстанған діни талап,
Жаратқанға айтып мадақ,
Хиджабтағы қыз,
Көше бойымен кетіп барады.
Беймәлім бір сөзді,
Қайталауда еріндері.
Осындай қыз,
Таухит ұстанган сенімдегі.
Қалғаны қарға болса,
Ол аққу менің көлімдегі.
Хиджабынан үлгі алса,
Қазағымның келіндері.
Осындай үлгі,
Жүрегімнің төріндегі.
Мен үлгі қыла алмаймын,
Кез келген көрінгенді.
Ұнайды бөлінгені.
Өзгеден дін сипатымен.
Дұға етем сол қызға,
Жаратушымның атымен.
Йа раббым қорған етші,
Хиджабын сан күнәдан.
Өзгелерге үлгі етші,
Сауап жазып сан мыңдаған.
Йа раббым көбейтші,
Оның солих амалдарын.
Сауапқа жазғайсын,
Әр бiр басқан қадамдарын...
Қайырмасы:
Қандай жарасымды.
Қызғанғандай әр шашынды,
Жасырады орамал.
Өзгелерден бір асылды..
Орамалы оранған.
Әлемде еш болмаған.
Хиджабтағы қыз сұлу,
Жаратушым қолдаған..
Тал бойына жарасып тұр,
Тым ұзын киінгені.
Бұған мүлдем қарсы емес,
Ата-анасы үйіндегі.
Себебі олар пайғамбардың сүннетін сүйеді,
Жаратушыдан қорқып,
Бастарын оған иеді.
Имегендер киеді,
Сықырлап жанып сүйегі.
Бұл ескерту сөзімді,
Ақылды қыздар ойға түйеді.
Оның жалпы ниеті,
Раббысын разы қылу.
Хиджабтагы қыз,
Сүннеттен алады жылу.
Оның киген хиджабы,
Ар-намыс иман корғаны.
Имансыздық қаншама,
Қарындасты қорлады,
Залымдар зорлады,
Жыландай орап ордағы,
Хиджаб кигенді менсінбей,
Қуғандарды моданы.
Хиджабтагы қыз,
Кем емес қатарынан,
Қыспаққа алсада,
Имансыздар жан жағынан.
Қор қылмас ел алдында,
Сүннеттін сыйлығын,
Оранып ұзын кию,
Бұл Алланың бұйрығы...
Қайырмасы:
Қандай жарасымды.
Қызғанғандай әр шашынды,
Жасырады орамал.
Өзгелерден бір асылды..
Орамалы оранған.
Әлемде еш болмаған.
Хиджабтағы қыз сұлу,
Жаратушым қолдаған..
- Artist:Amankeldı Öteşov (Jaqau)