Мәжнүн деп пе едің [Mäjnün dep pe ediñ] lyrics
Songs
2024-10-05 10:43:47
Мәжнүн деп пе едің [Mäjnün dep pe ediñ] lyrics
Дәл осылай болатынын сезгенмен
Ғұмырым-ай ғұмырым
Сен кеткеннен ештеңе жоқ өзгерген
Тірімін мен тірімін
Өкінетін Мәжнүн деп едің не мені?
Сәтсіздікке кез келген
Ештеңе де керек емес, себебі
Ештеңе жоқ өзгерген
Іздеймін мен жалғыздықтан торықсам
Ұмытыламын өрге кіл
Басымды изеп өте шығам жолықсам
Жаным менің көр де тұр
Өкінетін Мәжнүн деп едің не мені?
Сәтсіздікке кез келген
Ештеңе де керек емес, себебі
Ештеңе жоқ өзгерген
Сені аңсаймын, сен туралы ойланам
Өтірік ау алдадың
Керек емес, хат жазбай-ақ қой маған
Телефон да шалмағын
Өкінетін Мәжнүн деп едің не мені?
Сәтсіздікке кез келген
Ештеңе де керек емес, себебі
Ештеңе жоқ өзгерген
Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен
Сол Алматы, сол өзен
Ағыл-тегіл жылайды рас түнімен
Жылайды рас терезем.
- Artist:Abdijappar Alqoja