Магнитола [Magnītola] lyrics

Songs   2024-12-27 01:12:16

Магнитола [Magnītola] lyrics

Түнгі дала тыныш, мен отырмын жалғыз,

Өзіңді ойлап, көңілім толғап.

Шіркін-ай өткен сол бір махаббат,

Болды ма екен сұрамағанда?!

Есіңе алшы өткен күндерді,

Барушы едік бірге киноға!

Бірақ бәрі жалған, сағымдай ұшты,

Неліктен жаным ау ұмыттың мені?

Қайырмасы:

Сен шықшы, кездесуге маған,

Өзің үшін әкелдім, магнитоланы!

Жалғыз айдың жарығы сенің түсіп терезеңе,

Бір көрсем деп өзіңді іздеп сені келдім міне.

Сен де шықшы түсінші қателікті кешіріп,

Көрінбейсін сен неге қалдымба әлде кешігіп.

Арамыз суып ақ ұлпадай жаңа туып,

Жаңбырлы түн толғап отыр қане шықшы.

Бірге жуып алайықшы кірленген,

Көңілді бір сырласып, тіл қатпайсын сен неге,

Кеткенің бе мұң басып.

Жанарыңды жаным, бір көрінші өтінемін,

Сол бір кеште соңғы рет маған ренжіп кетіп едің.

Оралшы қайта, ұмытып бәрін өткенді,

Жаңбырлы түн түсінгендей жанарыңнан жас төккендей.

Оятуға мені мұңнан жаңбыр тамшылары,

Өтінемін тағы да шыдамаспын бұдан әрі.

Сонда бәрі кеткеніме сағымдай ұшып,

Кете алмаспын жаным өзіңнен үміт үзіп.

Қайырмасы:

Сен шықшы, кездесуге маған,

Өзің үшін әкелдім, магнитоланы!

Сен шықшы, кездесуге маған,

Өзің үшін әкелдім, магнитоланы!

Келтіріп сәнін жұлдыздар түнгі аспанның

Естіледі көшеден күлкілері ғашық жастардың

Қос жұлдыздай жымиып келеді қол ұстасып

Бір-бірімен сырласып бір-біріне сыр ашып

Ғашықтар ымдасып бір-бірімен жарасып

Қалмас үшін таласып сырласып күліп жай ғана

Сезімге жіпсіз байлана мен отырмын сені ойлап

Қайда кетті сол күндер бірге жүрген күліп-ойнап

Алыстап барады арамыз күннен күнге

Кездесуге шықпайтын секілдісін сен бүгінде

Реніш пен қуаныш екеу ара түсінбестік

Сондай күндер туғанда есіңдеме бірге шештік

Сырласып кездесуге асығып кешке

Осы бір сәт өткен күндер бәрі де қалар есте

Жай жеткенім бұл түсімдей өзгеге бақыт болар

Үзбеді өз әуенін біз тыңдаған магнитола

Қайырмасы:

Сен шықшы, кездесуге маған,

Өзің үшін әкелдім, магнитоланы!

Сен шықшы, кездесуге маған,

Өзің үшін әкелдім, магнитоланы!

Сені аңсап жүрмін мен, гулім ау!

Сені аңсап жүрмін мен, күнім ау!

Amankeldı Öteşov (Jaqau) more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh
  • Genre:Hip-Hop/Rap
  • Official site:
  • Wiki:
Amankeldı Öteşov (Jaqau) Lyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Artists
Songs