Махаббат қаласы [Mahabbat qalası] lyrics
Songs
2024-12-24 12:25:44
Махаббат қаласы [Mahabbat qalası] lyrics
Бір ғана, айтарым саған бір ғана,
Ұйқымды енді ұрлама.
Түсімде күліп келмей-ақ қой.
Тыңдама, сағындым десем тыңдама,
Бара бер қолды бұлғама.
Сүйемін десем, сенбей-ақ қой.
Сезім отына күйіп жатсам да
Көңіл бөлмей-ақ қой.
Сен неге жолықтың мендей пендеге
Жер беті дейтін бөлмеде.
Кететін болсақ қосыла алмай
Мен неге қалардай болып сен келе
Атыңды жазып кеудеме
Жүрмін өшіре алмай.
Алданба сен де енді жаным алданба
Орындалмайтын арманға
Аялдамам ғой деп қарашы.
Жандар да жүрекпен сүйген жандар да
Жолда қалады жалғанда
Жалғана алмайтын екі арасы
Біздің бақытқа пәтер бермейді
Махаббат қаласы.
Сен неге жолықтың мендей пендеге
Жер беті дейтін бөлмеде.
Кететін болсақ қосыла алмай
Мен неге қалардай болып сен келе
Атыңды жазып кеудеме
Жүрмін өшіре алмай.
- Artist:Ernar Aydar