Qızıl gülіm-аy [Қызыл гүлім-ай] lyrics

Songs   2024-05-10 08:29:12

Qızıl gülіm-аy [Қызыл гүлім-ай] lyrics

Кездескенде жанеркем назданасың,

Жасыра алмай сырыңды көз қарасың.

Жадыратып қасымнан өте шықтың,

Қызыл гүлім қол жетпес сен ғанасың.

Қызыл гүлім-ай, қызықтырдың-ай,

Аппақ гүлім-ай, ардағымсың-ай.

Қызыл гүлім-ай, қызықтырдың-ай,

Аппақ гүлім-ай, ардағымсың-ай.

Сүйем деген сөзіме таңданасың,

Жолатпайсың қасыңа жан баласын.

Махаббаттың бағынан ем іздеп ем

Мен іздеген қызыл гүл сен ғанасың.

Қызыл гүлім-ай, қызықтырдың-ай,

Аппақ гүлім-ай, ардағымсың-ай.

Қызыл гүлім-ай, қызықтырдың-ай,

Аппақ гүлім-ай, ардағымсың-ай.

Ғажабыңа тамсанып, көз сала алмай,

Ажарыңа барша жұрт ән салады-ай

Қыз Жібектей күтемін сені гүлім,

Қыз Жібекті Төлеген аңсағандай.

Қызыл гүлім-ай, қызықтырдың-ай,

Аппақ гүлім-ай, ардағымсың-ай.

Қызыл гүлім-ай, қызықтырдың-ай,

Аппақ гүлім-ай, ардағымсың-ай. (2х)

Qayrat Nurtas more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh, Russian, English
  • Genre:Pop
  • Official site:http://kairatnurtas.kz/
  • Wiki:
Qayrat Nurtas Lyrics more
Qayrat Nurtas Featuring Lyrics more
Excellent Songs recommendation
Popular Songs
Artists
Songs