Аrmаn [Арман] lyrics
Songs
2024-12-28 06:58:23
Аrmаn [Арман] lyrics
Қалай сүйдім сені!
Құлай сүйдім сені!
Жүрегімді ұстап,
Жылай сүйдім сені, сені.
Арман, адастырмай мені қоя тұр,
Жалған, құшағыңды маған жая тұр.
Жүрек, сені сақтай алмадым,
Үміт, алдадың сен мені, тағы да алдадың!
Жапырағын төккен,
Жаныма күз жеткен.
Ораласың қашан?
Мен аңсаған көктем, көктем!
Арман, адастырмай мені қоя тұр,
Жалған, құшағыңды маған жая тұр.
Жүрек, сені сақтай алмадым,
Үміт, алдадың сен мені, тағы да алдадың! (2х)
Бұлттай, жасын тыймай,
Бұл өмірге сыймай.
Дауыл болып іздедім,
Сені ешкімге қимай, қимай.
Арман, адастырмай мені қоя тұр,
Жалған, құшағыңды маған жая тұр.
Жүрек, сені сақтай алмадым,
Үміт, алдадың сен мені, тағы да алдадың! (2х)
- Artist:Qayrat Nurtas