Sen bаrdа [Сен барда] [English translation]

  2024-05-11 04:51:53

Sen bаrdа [Сен барда] [English translation]

Бейнеңнің тек елесімен,

Аралап ақ айдынды.

Жібектей өлең есіп ем,

Серік қып талай мұңды.

Көңілдің терезесінен,

Сығалап арай күлкі.

Өмірдің жеребесінен,

Жолымыз қақ айрылды.

Сен барда ұмытқандаймын,

Өмірдің бар қайғысын.

Жанымды жылытқандаймын,

Кетсеңде шалғай құсым.

Сағымға бастап барады,

Сезімім сол шақтағы.

Жанардан жас боп тамады,

Сағыныш моншақтары.

Жанымды жылытпаймын ба?

Қоштастық шіркін неден?

Сен жалғыз жүріп қайғырма,

Бар кінә мүмкін менен.

Мен сені ұмытпаймын да,

Жаныңа бір күн келем.

Сезімді құлыптаймын да,

Қолыңа кілтін берем.

Сен барда ұмытқандаймын,

Өмірдің бар қайғысын.

Жанымды жылытқандаймын,

Кетсеңде шалғай құсым.

Сағымға бастап барады,

Сезімім сол шақтағы.

Жанардан жас боп тамады,

Сағыныш моншақтары. (2х)

Qayrat Nurtas more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh, Russian, English
  • Genre:Pop
  • Official site:http://kairatnurtas.kz/
  • Wiki:
Qayrat Nurtas Lyrics more
Qayrat Nurtas Featuring Lyrics more
Excellent recommendation
Popular