Сен [Sen] [Transliteration]
Songs
2024-11-25 03:01:22
Сен [Sen] [Transliteration]
Сен — армансың, жүрегімде бүр жарған,
Сен — армансың, жанарымда нұрланған.
Алып ұшқан ақ жүрегім адасып...
Сағыныштан сарғаяды бұл жалған.
Суық күзде мұң басады еңсемді,
Үмітті үзбей, сағынышым келші енді!
Қайырмасы:
Сен, сен –
Сыңары жан жүректің,
Ардағым, мен сағына күткен,
Арманым, мен бағыма біткен.
Сен — армансың, қиялыма жасырған,
Сен — сезімсің, тамырымда тасынған.
Сенің әнің, сенің жаның тұп — тұнық,
Жаралғандай менің мөлдір жасымнан.
Дертім болдың, бара жатыр мендік мұң,
Сертің беріп, «сүйем» десең – сендікпін.
Қайырмасы:
Сен, сен –
Сыңары жан жүректің,
Ардағым, мен сағына күткен,
Арманым, мен бағыма біткен.
Сен… Сен… Сыңары жан жүректің,
Сен… Сен… Жылуы таңғы лепті.
Ардағым, мен сағына күткен,
Арманым, мен бағыма біткен...
- Artist:Moldir Awelbekova