Аuırmаydı jürek [Ауырмайды жүрек] lyrics

  2024-05-11 00:38:16

Аuırmаydı jürek [Ауырмайды жүрек] lyrics

Жастықтың жалынды бір күні еді,

тым ерекше атты таңдары-ай!

Көздеріңе көзім байланғанда,

жүрек тулап оттай жанғаны-ай!

Неге ояттың мені жүрмедің бе,

ой-санамды мәңгі жауламай,

Неге ғана маған кездестің сен,

ғашық болдым қалай аңдамай?..

Ауырмайды жүрек, ауырмайды,

сенсіз өткен күндер болмаса,

Ауырмайды жүрек, ауырмайды,

сені ойлатқан түндер болмаса.

Ауырмайды жүрек, ауырмайды,

мөлдіреген көзің болмаса,

Ауырмайды жүрек, ауырмайды,

сүйем сөзің болмаса...

Жалындаған сол бір жаздың әнін,

күз нөсері енді жалғасын,

Ауырады жүрек, ауырады,

ауырады жүрек болғасын.

Біздe емес ол жақ жылы дей ме,

самғай бер қанатың талмасын,

Жылатасың дағы жұбатасың,

әрбір сөзің атқан қорғасын.

Ауырмайды жүрек, ауырмайды,

сенсіз өткен күндер болмаса,

Ауырмайды жүрек, ауырмайды,

сені ойлатқан түндер болмаса.

Ауырмайды жүрек, ауырмайды,

мөлдіреген көзің болмаса,

Ауырмайды жүрек, ауырмайды,

сүйем сөзің болмаса... (2х)

Qayrat Nurtas more
  • country:Kazakhstan
  • Languages:Kazakh, Russian, English
  • Genre:Pop
  • Official site:http://kairatnurtas.kz/
  • Wiki:
Qayrat Nurtas Lyrics more
Qayrat Nurtas Featuring Lyrics more
Excellent recommendation
Popular