All Too Well [10 Minute Version] [Taylor's Version] [From The Vault] [Kazakh translation]
All Too Well [10 Minute Version] [Taylor's Version] [From The Vault] [Kazakh translation]
Бірге есіктен кірдік, ауа салқын болды,
Бірақ мұндағы бір тылсым дүние үйді еске салды.
Сол кезде орамалымды апаңның үйіне қалдырып кетіппін,
Бірақ оны әлі де тартпаңда сақтайсың 1.
Сенің тәтті мінезің мен ашық жанарым.
Көліктің ішінде ән айтып, қаладан алыста адасып жүрміз.
Күзгі жапырақтар жерге өз тетігін тауып түсіп жатыр.
Қанша күн өтсе де, бәрі көз алдыма анық келеді.
Бәрі баяғыда өтті де кетті, білемін,
Сол кезгі ғажап та жоғалды,
Менің жағдайым да тәуір, бірақ мүлде жақсы емес.
Қаланың сол кішкентай көшесінде тұрмыз,
Қызылға жүріп кете жаздадың, себебі менен көз алмадың.
Шашымды жел ұшырып, сонда тұрдым
Бәрі тым жақсы есімде.
Үстелде фотоальбом жатыр, ал сен болсаң қызарып тұрсың.
Қос төсектегі көзілдірік киген кіп-кішкентай бала болыпсың ғой.
Анаң бейсбол командасы жайлы оқиғаларды айтып отыр.
Болашағың мен деп ойлап, маған өткеніңді жайып салдың.
Маған көліктің кілтін лақтырдың.
"Патриархаты құрысын" деген жазуы бар
Кілттің әшекейі жерге құлады.
Әрқашан ешкімге айтпай кетіп қалушы едік.
Көлікті айдап бара жатып,
"Міне, қазір, арамыздағы дүние - махаббат" деп айтады деп күттім,
Бірақ ешқашан мұны өз атымен атамадың 2.
Біз өліп 3, жоғалып, жерленген соң ғана қайта келіп, сүйемін дейсің.
Енді қабірде 3 ай жатсақ та,
"Бәрі бұрыңғыдай" деп ант су ішіп, тамыр соғысын қайта-қайта келіп тексересің 4.
Сосын маған қол созсаң да, сезімдер қайда кетті деп таң қаласың.
Бірақ менің сезгенім тек ұят болды,
Ал сен жансыз суретімді ғана ұстадың.
Бәрі баяғыда өтті де кетті, білемін,
Енді еш нәрсе қолдан келмес.
Сені ұмытқаныма сонша көп уақыт болғаны,
Сені не үшін керек қылғанымды да ұмыттым.
Сол түні бірге тұрмыз,
Ас үйдің ішінде тоңазытқыштың жарығында билеп жүрміз,
Төменгі қабатта, сонда тұрдым,
Бәрі тым жақсы есімде.
Ешкім жоқ кезде бірге тұрмыз,
Сен мені құпиядай, ал мен сені анттай сақтадым,
Қасиетті дұғадай сақтадым, біз бәрін жақсы есте сақтауға ант бердік.
Мүмкін аударма кезінде жоғалтып алдық,
Мүмкін мен сенен тым көпті сұрадым,
Бірақ мүмкін бұл жауһар болды,
Ал сен оны жойдың.
Үрейленіп жүгіріп, сонда тұрдым,
Соның бәрі тым жақсы есімде.
Ал сен маған қайта қоңырау шалдың да,
Жан дүниемнің тас-талқанын шығардың.
Шындықты айтам деп ақталып, сондай қатігез болдың,
Ал мен болсам жерде жатқан мыжылған қағаздай сезіндім.5
Өйткені бәрі, бәрі, бәрі есімде.
Арты қайырлының бәрі жақсы дейді,
Бірақ сен есіме түскен сайын,
Жаңа тозаққа түскендей боламын.
Жас арамыз жақын болса,
Бәрі де жақсы болар ма еді дедің 6
Бұл сөзіңнен тек өлгім келді.
Мені кім деп елестеттің?
Еш қылығы жоқ, әрқашан мейірімді, саған жарасатын әшекей деп пе едің?
Бір кеште жылап отырғанымда,
Бір актер не болғанын сұрады.
Сен, сен басыма тап болдың, сен.
Сен, кешкі шоуда отырғандай кофеңді сораптап,
Әкемді әзілдеріңмен баурап алдың.
Ол сені есік алдында түні бойы күткеніме қарады да
"21-ге толу көңілді өтуі керек емес пе еді" деді 7
Уақыт зымырап өтпейді, бір орында тоқтап қалғандай.
Өз қалпыма келгім келеді, бірақ оны таба алмастаймын.
Сендік болған күндер мен түндерден кейін,
Заттарымды поштамен жібересің, ал мен үйге жалғыз қайтып барам.
Бірақ менің ескі орамалымды әлі сақтап келесің
Өйткені бұл пәктікті еске салады, өйткені одан менің иісім шығады
Оны лақтыра алмайсың
Себебі бәрі тым жақсы есіңде
Себебі мен сені сүйгенде, сонда тұрдық,
Сен білген жалғыз адал нәрсені жоғалтқанға дейін.
Бұл ғажап еді, сонда тұрдым
Оның бәрі тым жақсы есімде
Шашымды жел ұшырды, сонда тұрдың
Бәрі есіңде
Төменгі қабатта, сонда тұрдың
Бәрі есіңде
Бұл ғажап еді, сонда тұрдым
Оның бәрі тым жақсы есімде
Мен негізі әзіл айтуға шебер емеспін
Бірақ қалжыңымның күлетін жері:
«Мен жылдан жылға қартайсам да, сенің ғашықтарың әлі менімен жасты» 8
Бруклинің сүйектерімді сындырған кезден бастап
Мен соғыстан жүрелеп қайтқан жауынгермін.
Сезімдердің оты9 сені де көгертті ме? 10
Арамызда қалады, айтшы, махаббат сезімдері сені де мертіктірді ме?
Өйткені бұл қаланың аязында
Алғашқы қар жауғаны әлі есімде.
Жарқырап жатты,
Оның бәрі тым жақсы есімде.
Арамызда қалады, айтшы, махаббат сезімдері сені де мертіктірді ме?
Арамызда қалады, айтшы, бәрі тым жақсы есіңде ме?
(Арамызда қалады)
Арамызда қалсыншы, бәрі тым жақсы есімде
(Арамызда қалсыншы)
(Шашымды жел ұшырып, сонда болдым, сонда болдым)
(Төменгі қабатта, сонда болдым, сонда болдым)
(Қасиетті дұғадай, сонда болдым, сонда болдым)
(Бұл керемет еді, бәрі тым жақсы есіңде)
(Шашымды жел ұшырып, сонда болдым, сонда болдым)
(Төменгі қабатта, сонда болдым, сонда болдым)
(Қасиетті дұғадай, сонда болдым, сонда болдым)
(Бұл керемет еді, бәрі тым жақсы есіңде)
(Шашымды жел ұшырып, сонда болдым, сонда болдым)
(Төменгі қабатта, сонда болдым, сонда болдым)
(Қасиетті дұғадай, сонда болдым, сонда болдым)
(Бұл керемет еді, бәрі есіңде)
(Шашымды жел ұшырып, сонда болдым, сонда болдым)
(Төменгі қабатта, сонда болдым, сонда болдым)
(Қасиетті дұғадай, сонда болдым, сонда болдым)
(Бұл керемет еді, бәрі есіңде)
1. Мұнда Тейлор Суифт Джейк Джиленхолмен бірге болғанда жиі көзге түскен орамалы жайлы айтып жатыр, бірақ метафора түрінде Джейк Тейлормен болған уақытын тартпасына жасырып, еске алмаса да, ешқашан ұмытпаған деген мағынада2. Джейк ешқашан Тейлорға өз сезімдерін білдірмегендігі жайлы айтады3. Мұнда Тейлор өлімді айырылысуға метафора ретінде қолданып тұр4. Тейлор Джейкпен айырылсқаннан кейінгі аумалы-төкпелі кезең жайлы, Тейлор оны ұмытуға тырысса да Джейк қайта-қайта оралып, мазасын қашырғаны жайлы айтуда5. Мұнда мыжылған қағаз тек қана қасірет пен керексіздікті білдірмейді, себебі Тейлордың ақын екенін еске түсірсек, ол өзін жарық көрмеген шығармаға, мыжылып жерде қалған шимай қағазға теңейді6. Тейлор мен Джейктің жас айырмашылығы 9 жас болды. Олар Тейлор 20-да болғанда кездесіп бастады7. Тейлор 21-ге толған күні Джейк тойға келмеді, бірақ Тейлор оны түні бойы күткен болатын8. Джейктің қазірге (27.11.2021) көңіл жарастырған қызы (Жанна Кадие) 25-те, олар Жанна 21-де, ал Джейк 37-де болғанда кездесіп бастаған болатын9. Түпнұсқада "twin flame": өте жақын екі адамның арасындағы байланыс, тікелей аударғанда егіз жалын.10. Түпнұсқада өте күрделі, аударуға келмейтін сөйлем қолданылады, тура аударғанда: "егіз жалынның көгерткені сені де көкке бояды ма?", мұндағы көк - ағылшын тіліндегі қайғы, мұңды білдіретін кең таралған идиома
- Artist:Taylor Swift
- Album:Red (Taylor's Version)